Posted in

ТІЛГЕ КЕЛМЕДІ (КЕЛГЕН ЖОҚ)

Бір ауыз сөз айтпастан, бірден кірісіп кетті. * Шорабай қимылдың адамы. Раймен тілге келген жоқ. Шөгеріліп жатқан түйелерді сойылдай келді. З.Шүк. Сөйлеуге де шамасы келмей өліп кетті. ~ Ауруханадан үйге қайта әкелгенде-ақ Қожекең бір сұмдықты сезген. Бала тілге келмеді. Мына тіршіліктен бөлек өзге бір арманына жете алмағандай немесе әлде бірдеңеге өкінгендей басын әлсіз шайқай берді. Т.Әбд. * – Мал ғана емес, үш жылқышыны ауыр жаралаған, екеуі өлім халінде. Біреуі тілге келмей жан тапсырған. С.Жүн. * Алайда, жасанды аппаратпен тыныстап келген ол сол күйі есін жиған жоқ, тілге келмеді. БАҚ Ешкіммен сөйлеспеді, тіл қатыспады. * Бірер ауыз тілге келмей жатып, бір-біріміз жайлы мол мағлұматты болдық та қалдық. Ш.Әбдр. * Жігіт көп қайғырып, ешкіммен тілге келмеді. БАҚ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *