Әлдебір мәселе төңірегінде сөз қозғады. ~ Қарт жазушы артын көтеріп, сәл қозғалды.— Кемшілігіңді тілге тиек етейік. Тұтастық жоқ… Әңгімелерін стилі, кейіпкері дамуы, олардың өмірге көзқарасы, сөз саптасы жағынан жеке, жеке, қызыл шеке… М.Қаб. ~ Шығыс түрік қағанаты құлағаннан кейін де оның заңды мұрагері ретінде билік құрып, ел атауының «Керейт мемлекеті» болып жалғасқанын тілге тиек етеді. Ж.Шәк. ~ Олай болса мен ұлы ақынның әдеби туындыларын тереңдеп талдап жатпаймын. Тілге тиек етерім, туған халқының азамат ақынға деген зор сүйіспеншілігі… С.Баяз. ~ Сондықтан дәрігер Армстронгқа ауа райы мен балық аулау жайын тілге тиек етумен шектелуге тура келді. F.Крис.
