Айтар ойын құйқылжыта, көркем сөзбен, келістіре жеткізді. ~ Сырдан сыңар аяқ өткен, құла ауыз билері, нөкерлері тілдің майын ағызып, қанын тамызып, әңгіменің иін әбден қандырып, пісіріп, түсіріп әкеліп, «тоқ етерін» байға естіртеді. Бай не мақұлдайды, не өз картасына келтіреді. Ж.Айм.
