Posted in

ТІЛІ ТАҢДАЙЫНА ЖАБЫСТЫ

Дыбысы шықпай қалды, сөйлей алмады. . ~ – Қашан?.. Ім-м… неге?- деді таңданғаннан тілі таңдайына жабысып.- Білмеймін. Оқыған жоқпын. Қазір жазушы көп қой. Бәрі жақсы, қайсыбірін оқисың. Қол тимейді Д.Ис. ~ Мына қыздың әппақ маңдайынан құйылған нұрдан үйдің іші одан әрмен сәулеленіп, жарқырай түскендей болды. Тілі таңдайына жабысып, көмейінен дауысы сыбырлай шықты. Ә.Ыб. ~ Жүрегі дүрсіл қағып, тайдай тулағанымен, қайта Дженевьева бұрынғысынша сабырлы сияқты. Джо тілі таңдайына жабысып қалған немедей сөйлей алмай әрең дегенде: Дж.Лонд. Аузы кеуіп, қатты шөлдеді. * Бейсеннің аузы кеуіп, тілі таңдайына жабысты. Көзі бұлдырап, басы айналды. Ә.Асқ. ~ Ескі таныстар табалдырықтан аттап, алты қанат киіз үйдің төріне жайғасты. Ізінше әйелі тегенемен қымыз көтеріп ішке енді. Тілі таңдайына жабысып, әбден шөлдегенін Барақ сонда барып білді. Ә.Ыб. ~ Қас қылғандай бүгін құты дағы суын да үңгірге тастап кетіпті. Тілі таңдайына жабысып, кебірсіген ернін жаланған болды. К.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *