Асқан ділмар адам туралы. * Ұлы шешемнің есімі Қымбат еді. Ақыл-ойдың таусылмас кені, аналық сүйіспеншіліктің айдын-шалқар көлі еді. Тілінен бал тамған шешен кісі болатын. С.Омар. * «Егер менің орнымда Әсет сияқты ақын жатса, не түрлі өлең-жыр, таусылмас дастан-хикая туар еді-ау» деп ойлайды ішінен. Ақын қиналса тілінен бал тамады. Қ.Жұм. * … есік алдында кезек күтіп тұрғандардың ішінде де тілінен бал тамған талайлар бар. Ә.Нұрп. ~ Батырдың бір жауы бар Сатқын деген, Алла атын ауызға алып ақпын деген. Жақсыны жанай жүрген Жантық аз ба, Тілінен бал тамызар тәтті у менен!?. И.Сап.
