"Сен де маған қарсы сөйлейтін дәрежеге жеттің бе?!. " д.м. ~ Тілің шығайын деген екен, бригадир. Отап тастасам, обалыңа қалам- ау. – Сенен обал қашқалы не заман. С.См. ~ – . Мамамның не жазығы бар? Қашан келсем, қашан көрсем, домалатып бүресіз де жатасыз. – Ә- ә тілің шығайын деген екен, қызым! Онда , түйреп қал! Шағып қап! С.См. ~ Отырғандардың бірі күңк етті. – Күңге күңнің қажеті қанша… – Уа, тілің шығайын деген екен! Жыртығыма жамайын демесем, қызымнан кем бе еді ол! – деп Ану- хатун әлгіні сөзбен тұқыртып тастады. С.См. ~ – Әйеліңнен қорқасың ба, Маратбек? Қорықпа, жеп қоймаймын. – Еркек жеген әйел көргем жоқ. – Өләй! Тілің шыға бастапты-ау! Тағы не айтасың? С.См. — Е, тілің шығайын деген екен, сілімтік шал. Ендеше, жақсы ит жаман түйешіден артық десем не дерсің, өл де маған!.. М.Әу. * Нұрбек төбелесетін адамдай орнынан тұрды. Тілің шығайын деген екен сенің. Бәлкім, біреу үйреткен шығар осылай айт деп. Ол кім болды екен? Т.Әбд. . * Келінінің баж еткен даусы шыққанда жалт қарап еді, Мұхаммет жығып салып, тепкілеп жатыр екен: – Сенің де тілің шығайын деген екен, төркініңе келген соң. О, ит тіршілік, сенің босағаңа телмірткен, о, ит тіршілік! Oh, oh. С.Жүн. * – Көке, осындай желсөздің не керегі бар? – Тәйт әрі, – деді шал. – Тілің шығайын деген екен, ә?! Өй, нәлеті. Дәл бүгін құда түсем. Дәл бүгін… – Оу, қоя тұрсаңшы. Қ.Найм.
