Кеудесінде жаны, бойында қауқары бар, тырмысып күн көріп жүрген адам д.м. ~ Бұқтырмаға бір жетсек, одан арғысы тірі жан, тісті бақамыз ғой, Тайпақты да мөлшерлей жатармыз. Ә.Асқ. ~ Құдайға шүкір, менде аяушылық сезімі әлі де бар екен, соған қуанулымын. – Ертегіңізді қойыңыз! Мен де тірі жан, тісті бақамын ғой, бірдеме етіп күнелтермін. Тәлейім болса, аткөлікті біреуге кезігермін, жалынамын сізге, кетіңіз! Ғ.Біл. ~ Бүкіл үйде жалғыз өзі. Қыбырлаған басқа тірі жан, тісті бақа жоқ. Қараңғы түнде қалай қорықпай жататынына таң қаласың. Т.Сәу. ~ Ресми мейман болған соң туристік фирмалардың тырнағына ілікпей тіке келіп отыр. Әйтпесе ондағы ысқы аяқтар тірі жан, тісті бақаны өз бетімен аттап басқызбайды екен бұл жаққа. Т.Сәу. ~ Уа, қаңғыртқан Құдай, тірі жан, тісті бақаңды қу жалғанның қуықтай қуыстығында осыншама сорлатармысың?! Ғ.Біл.
