Posted in

ТІС (ТІСІН) ҚАЙРАДЫ

Кектеніп, кіжінді. ~ Соған қарағанда Елеместің «есіл сауат-ай» деп тіс қайрауы тегін емес тәрізді. Есіл сауатты қайтетінін Елемес өзі білсін. Ә.Кек. ~ Дегенмен күн шығады ғой. – Ой, сол күніңді! – деп Аманжан тісін қайрады. – Күнге тіл тигізуге болмайды, – деді Бақытжан. – Саған керек жоқ болғанымен, өзгелерге керек. О.Бөк. ~ Сол бүкіл алқапты албастыдай айқара басып жатып алған тысым тыныштықты күтірлете уатып, өз- өзінен тіс қайрап, айбат шеккен күртік қарды күрт- күрт омырып, о қыраңға да, бұ қыраңға да көтеріліп, жан- жақты шолып ұзақ тұрады. Ә.Кек. ~ Бөрі – түздің серісі… Оған тіс қайрауға болмайды, сондықтан бабаларымыз: «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген ғой. Қорадағы малға емес, өрістегі малға тисе, ол – Тәңірінің тілегі…А.Алт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *