Сөзін өткізе алмады; әлі жетпеді; батылы бармады. * Бүгінгі шенқұмарлық, кеңсешілдік, атару намысы, губерне намысы, орынға таласу, топтасу, жіктесу қандай күйде? Кім не үшін күресіп жүр? Бұларды жазуға тісі батқан жазушы шықты ма? Ж.Айм. ~ – Намыстансаң да айтайын, бұл орыс тілінде жазылған кітап, сенің тісің батпайды. С.Мұқ. * – Өткен жылы маусым айында бір үйір жылқымды Бөрібай айда-тып алғанда, саған шағым арызбен келіп, мұңымызды шаққанда, оған тісің батпай тайғанақтап, сүріне бергенің әлі есімде. Ә.Шәр. * Қазір оған “әй” дейтін әжа, “қой” дейтін қожа жойылған. Қойды өргіз, күзгі тойыныстан қалады деп ақырып, зекіруге ешкімнің батылы жетпейді. Тісі батпайды. Ғ.Біләл
