Posted in

ТОБА ҚАЗЫҒЫНА ТАҚАДЫ (ТАЯДЫ, ЖЕТКІЗДІ)

Өлімші халге жеткізді, жанын көзіне көрсетті. ~ Осы қамалдың кесірінен елге түсетін алман– салық көбейіп, оған зорлап істететін ақысыз ауыр еңбек қосылып, онсыз да тоба қазығына тақалған жұртты титықтатып болды. Қ.Жұм. ~ Қат– қабат түсіп жатқан салық онсыз да тозығы жеткен елдің тоба қазығына тақайтынын сезсе де, істер айла таппай, үкірдай әбден торығып отыр екен. Қ.Жұм. ~ Арада біраз уақыт жылжығанда жеңгеміз ішкілікті енді қайталамасқа, тіпті арақтың маңынан жүрмеске ант-суын ішкізіп, әбден тоба қазығына таяп, портфелін өзіне қайтарыпты Қ.Шыңғ. ~ Екеуін жер қойнына қатарластыра тапсырып жатқанда тамшыға айналып дала жылады. Тоба қазық таянтып таң айыртқан – боздала, Бозапа, бозжусан, бозінген, бозаспан, бозала таң… иә, бозбен өріле жалғасқан тіршіліктің он бір күнін тарихқа тастап, азалы көш сапарын жалғастырды. Д.Балап. Бейшара өзі әбден жүдеп, адам танығысыздай азған. Ауыр бейнеттің зорығы былай тұрсын, аштық титықтата буып, жүйке мен шыдамды тоба қазығына жеткізген. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *