Posted in

ТОЙҒАН ҚОЗЫДАЙ ТОМПИДЫ (МОНТИДЫ)

Моп-момақан, хош көңіл туралы. ~ Сол күні қара атты ерсілі-қарсылы желдіріп терлетіп, ерігіп тұрған желігін басып алып келіп доғардық. Баяғы тойған қозыдай томпиып тұрған керше ернін дірілдете ішінен оқыранып серігін қарсы алды. С.Бег. ~ Киім кигенде жылтыраққа қызығу, тамақ ішкенде дәмдісін таңдау дегенді Ғалия білген емес, не ішіп, не кисе де, тойған қозыдай томпиып жүре беретін. Қандай болмасын ауыртпашылыққа көне беретін. Ә.Тар. ~ Бәрі тып-тыныш үріккен қойдай ұйлығыса қалыпты. Тек прокурор ғана тойған қозыдай томпиып ап, өзіне тиесілі бұрыштағы «құтты мекенінде» бірнәрсені сүйкектете жазуда. Ә.Ыб. ~ Оның сол жағында тойған қозыдай монтиып, үш-төрт жасар қазақ баласы отыр. С.Ом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *