"Менің басқадан қай жерім кем?"- д.м. ~ Кекетпе! Сен ғой түртпектеп, мазасын алып… Ойың белгілі. Орнынды қайтып алмақсың. Бізге моральдық бейнесі таза маман керек. Партия нұсқаған жолдан табан аудармайтын. Мен ше? Тоқалдан туыппын ба?! Ө.Кәр. ~ Ақсақал көңіліңізге келсе де айтайын, сізге пенсия болмайды, – деді. – Ау, неге, немене мен тоқалдан туыппын ба? Т. Нұрм. * Мына анталаған көгөнкөздер көріп қойса, пәле емес пе, бізге неге әкелмейсің, тоқалдан туыппыз ба деп төбесінен құй қазсын. Т.Сәу.* Онан соң, аудан басынан салынған пионер лагерінің жалпақ елге қаншалық пайдасы бар?.. Бұл жақтың балалары тоқалдан туып па?.. Қ.Ысқ. * Мына анталаған көгөнкөздер көріп қойса, пәле емес пе, бізге неге әкелмейсің, тоқалдан туыппыз ба деп төбесінен құй қазсын. Т.Сәу.
