Дәм болсын айта салынған, тиянағы жоқ бос уәде, шығарып салма сөз. ~ Сен маған иманыңдай иландың. Сонда менің антты аттап, сертті бұзғаным ба? Саған айтканымның бәрі бос уәде, тоқылдақтың тәубесі боп шыққаны ма? Мынау сұмдық қой. Бетім бүлк етпей сонша уақыттан бері саған қалай ғана сөйлеп жүрдім екен? Н.Кел. ~ Сұлтан ширығысы дәл сол өзінің кіжінген көңіл күйіне дөп келді. Орда ыңғайынан тыс кетіп, шырық бұзған кейбір ожарларды бұғалықтап бүрістіріп қоймаса, хан тыйымы мен әмірі тоқылдақтың тәубесіндей бос сөз, ақ көбік деп ұғып, жүгенсіз кетер. С.См. ~ Он тоғыз жыл бойы ақ пен қараны ажырата алмай, саған алданып, тоқылдақтың тәубесінде жүргеніме өкінем. Балапандарымды сары ауыз кезінен бауырыма баспай, жігерін жасытып алғаныма қынжылам. Н.Кел.
