Біреу алыс жолға шығар алдында жасалатын ырым, ас. ~ Мен түнгі кемемен кетпекші едім, апам қой сойып, тоқым қағар жасап, бірталай үлкендерді шақырыпты. Еңкейіп, сығырайып кемпірлер, күркілдеп, түкірініп шалдар келіп қалды. Қорыққандай, көзін тас қып жұмып ап, құлақтарына дейін дірілдеп, үлкендердің алдына бас бара жатыр. Ғ.Мүс.~ Мол олжа араларын- дағы ең жасы Сейпешке тиесілі-тін. Құндыз бәйбіше балала- рының тоқым қағарын жасап ауыл-аймаққа құс етінен дәм татырды. Ө.Кәр. ~ Қанатым мен Жанатым биыл мек- теп табалдырығын аттады. Таяуда тоқым қағарын жасап, құдайы бердім көрші-қолаңға. Ө.Кәр.
