Мән-мағынасы, сән-сұлулығы мол д.м. ~ Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған- Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Абай. ~ Енді бір жағынан қарасаңыз әлдеқайда ұмыт болып бара жатқан қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігінің, толғауы тоқсан қызыл тілді ырқына көндірген би-шешендердің қағысуларының «энциклопедиясы» сияқты. Ж.Шәк. ~ Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт! Тоқтатпа, «Тарт!» дегенім – қылғаным шарт! Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар – Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадалт! Қадалт! І.Жан. ~ Қаламгер осылайша сізді өмірдің ащы шындығына, әдебиеттің толғауы тоқсан сөз иіріміне жетелейді. Ж.Шәк.
