Құсына ерік берді, томағасын босатты. ~ ауға ерте кіргенде бірен-саран қорымның-тұсынан томаға тартып қалуға да болушы еді. Сондай белгілі ұрымтал шоқылардың біразы да кейін қалды. М.Әу.~ Өзінің аржақ төрінде де, онан соң сол жақ қатарында да екі ұрымтал шоқы бар екен. Соның екеуінен де томаға тартамыз деп келе жатыр еді. М.Әу. ~ Әулиенің бір биігінде Тұрғанбай томаға тартты. Ар жағындағы бір жотаға барып, Шәке томаға тартты. Үшінші жотада томаға тартқан, Абайдың, Айғыздан туған інісі, осы сапардағы аңшы жолдасы – Смағұл болатын. Абай мен Ербол әдетте қағушы қасында емес, Тұрғанбай маңында жүреді. М.Әу. ~ Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда жылпос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаңбас қыран белсеніп кірпік қақпай қалады. М.Әу.
