Posted in

ТОМАҒАСЫН СЫПЫРҒАН ҚЫРАНДАЙ (БҮРКІТТЕЙ)

Делебесі қозды, рухтанды д.м. * Домбыраның құйқылжыған үні толастай бергенде екіншісі іліп әкетіп, томағасын сыпырған қырандай көздері жайнап, делебесі қозып, албыраған жүздері шырайлана шабыттанып отыр. Т.Сәу. * – Жоқ! –деді сілкініп. Томағасын сыпырып, қомданған қырандай отты жанары жарқ еткен. Р.Мұқ. * Емен мінбердің қос ернеуінен сығымдай ұстап, томағасын сыпырған қырандай отты жанары лап етіп зал ішін бір шолып өтті. Т.Сәу. * Әсет те бүгін зар күйіне келіп, томағасын сыпырған бүркіттей, қырланып сала беріп еді. Қ.Жұм. * Таңжарық томағасын сыпырған аш бүркіттей айналасына тінте қарап шықты. Т.Рыск. * Тынышбайдың алдында әлгіндегі бойын уайымға алдырған, екі иығы салбыраған шал емес, өрт – жалын лапылдап, тас-түйін бекінген, томағасын сыпырып тастаған ақиық қыран отырған еді. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *