Қырын қабақ, томырық кейіп. * Қанша қыңыр болғанмен әкенің аты әке емес пе, бірер жыл тоң – торыс боп жүрді де ақыры «қайтейін, іштен шыққан шұбар жылансың ғой сен, бетіңнен жарылқасын… Н.Сер. ~Тағы да ойдағы ауылға, онан әрі тастай қараңғы түнге, тоң-торыс боп дүңкиіп жатқан Ешкіөлмес тауына қарады. С.Мұр. ~ Бір жақ бел алып қыдыңдамаған соң екінші жақ та тоң-торыс күйін жоғалтпастан, сабырға салмақ салып тұрып алды. Ақыры бәрі осымен тынып, топ арасында жүрген жалғыз қыз түйілген екеуге беттеді. Т.Әлж. * Енді міне, жылан жалағандай болып, айналаның тымпиып, тоң-теріс жатысы мынау. К.Сег. * Әуелде екеуі бір-біріне тоң-теріс күйде үнсіз жатты да, сәлден соң Тоқтас бұрылып, оны құшақтады. Т.Нұрм. * Бақтыбайлар да біраз уақыт өкпелі боп үнсіз жатып алып еді, қыз алған жақ одан сайын тоң-теріс сыртын беріп, қарым-қатынасты біржола үзді. С.Жүн.
