Posted in

ТОҢ АЙБАТ

Жүзінен салқындық байқалатын, томырық мінез; іштей жақтырмайтынын қабағымен таныта жүру. * Мұқаш қандай елден шыққан құдайдан безген, содырлы болса да молданы сыйлайтын. Молда жолығып қалса, сәлем беретін, бірақ байыздап тұра алмайтын. Мұқанның онысын сезіп молда да сөз қатпай тоң айбатпен жүретін. Ж.Айм. * Мамырбай ақсақал неліктен баласына салқындады екен? Не ойлағаны бар екен? Әңгіменің бетін солай қарай бұрайық. Сыртына шығармай, тоң айбатпен жүретіні болмаса, Мамырбай ақсақал тегінде балажан кісі еді. Ж.Айм. ~ Біріккен жұрттар Қытайға тоң айбат көрсетіп, бұ қылығыңды қоймасаң, қиратамыз деген болды. Одан басқа түк бітірген жоқ. Қытай тобына да, мемлекеттеріне де күліп қарады. Тоң айбатын қырау құрлы көрмеді. Ж.Айм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *