Мінезі ауыр, ырыққа көнбейтін, томырық кісінің сипаты. * – Бүйткен күні құрысын. Ылғи ілде- алда, іске жаратамын деп қанша тыраштансаң да, икемге келмейді. Жиған- тергені ана тоң мойынның тура өзі секілді. Ондай дүлейге қайдан дені дұрыс дүние бітсін! А.Смай. * Кейбір ауа жайылған, тек өз дегеніне болмаса ештеңеге көнбейтін кесір, тоң мойын ру бастықтарын ат құйрығына байлап құрбан етуге де барған жоқ па! І.Ес. * Жан дүнием ән салып тұрарын былайғы жұрт біле ме, тоң мойын, ұр да жық деп ойлайды. О.Бөк. ~ Арсалаңдап алдымен жеткендіктерін адалдық, сумаңдап алдымен айтып үлгергендігін ақиқат санайтын кердең көкірек тоң мойын тайыздықтың қолынан тізгін кетпей тұрып, жала мен параның мұртын қай балта шаба алады?! Ә.Кек.
