Жерге алып ұрды, құлатты. ~ … жылқы қуып жүр … құрық жеткен құла шағыр бестіні құйрықтан алып, тоңқалаң асырды… Ж.Айм. ~ Ондағы орынбасары – еврей келіншек жоқтан-бардан кінә іздеп, басқан аяғын аңдып үстінен компромат жинап тоңқалаң асыруға шақ қалып еді. Д.Досж. ~ Онан соң әскери ойындар кезінде байқамағансып, ойнағансып барып Қайратты бір- екі рет аяғынан шалып қап, тоңқалаң асырған. С.Мұр.
