Posted in

ТОПАЛАҢ КЕЗІНДЕГІ ТОЙ

Үлкен нәубет кезіндегі көңіл көтеру. ~ Қазына. «Топалаң кезінде тойдың» кебін келтіріп, аштан қырылып жатқан кедейді арестпен топырлатуыңа жол болсын? Б.Майл. ~ Көшір жайласып отырып тағы әңгімесін бастады: Ел күйін пайдаланып, "топалаң кезінде той қылып" жатқанын; ел ішіндегі кеңес басындағы адамдардың елді сүйеу орнына өздері масыл болып жүргенін – бәрін де көз алдына елестетіп, суреттеп берді. Б.Майл. ~ Болыстың хабарын өздерің де есіткен шығарсыңдар, жастарды матап списоктап жатқан көрінеді. Бұрысына күйдірсе, онда да бір сәрі ғой. Болыс жалмауыздығын бұрынғыдан да асырып «топалаң кезіндегі қойдың» кебін келтіріп отыр. Азамат жаннан, ел малдан түндегін күн туғанда, болыс абыройды, арды, ел қамы дегенді былай қойып, құлқынын тойдырудың қамына кірісіп отыр. Б.Майл. ~ Көшір жайласып отырып тағы әңгімесін бастады: Ел күйін пайдаланып, "топалаң кезінде той қылып" жатқанын; ел ішіндегі кеңес басындағы адамдардың елді сүйеу орнына өздері масыл болып жүргенін – бәрін де көз алдына елестетіп, суреттеп берді. Б.Майл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *