Posted in

ТОПАЛАҢ ТИГІР

Малға айтылатын қарғыс. * – Түу, әрең құтылдым-ау топалаң тигірлерден. Қайда барасың, деп қадалып болмайды. Тіпті, қамалап жібермей әуре қылды. О.Бөк. * – Бара бер, өзіміз- ақ қараймыз малды. Екі күннің ішінде топалаң тигіріңді жау алар дейсің бе?! – Келіннің екі ауыз сөзінде екі пұт салмақ жатты. "Өзіміз! " дейді. Сонда мұны өгей әкедей ғып өзекке тепкені ғой. К.Сег. ~ Ауыл шаруашылығы басқармасына шақырды. Барды. Ондағылар топалаң тигендей дүрлігіп жүр. «Не болды?», Ауыл шаруашылығы басқармасына шақырды. О.Елс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *