Posted in

ТӨБЕ ҚҰЙҚАСЫН ШЫМЫРЛАТТЫ

Төтенше әсер етті; қатты толқытты; үрейлендірд, есінен айырдыі. * Жыл он екі ай жүрегін сыздатқан қасірет те, төбе құйқасын шымырлатқан үрей де, көкірегінің басын көмірдің шоғындай тызылдатқан ыза да – бәрі де жым-жылас… жоғалған… Ә.Кек.* – Өз құлағыңмен естідің бе түге?! – «Көкеме айта бар» деп, әдейілеп тыңдатқан. Дәл Қоянкөктің шабысы, төбе құйқаны шымырлатады. Д.Досж. * Кенет тақымымның асты дір етті. Тұлпар үрікті. Көз жетер жер елсіз тұғын. Шыңғырған дауыс шықты. Төбе құйқаны шымырлатар шыңылтыр, жіңішке дауыс. Д.Досж. * Онан соң көзіне жас алған жері есінде жоқ. Мынау сұмдық көрініс төбе құйқасын шымырлатты. З.Шүк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *