Posted in

ТӨБЕДЕН ҰРҒАНДАЙ (БОЛДЫ)

Оқыс; естен айырылғандай; ойламаған жерден ыңғайсыз жағдайға тап болғанда айтылады. * Тағы бірер шақырым созғыласқан соң қалжаураған аттар төбеден ұрғандай тегіс тоқтаган. Соңымда жалгыз-ақ кісі калды. М.Мағ. * Бегей төбеге ұрғандай тағы тоқтап, тағы да ұзақ- ұзақ ойланып тұрды да: – Мен осы сұрағыңа қолма- қол, соқырға таяқ ұстатқандай жауап берейін, сосын қоясың ба? – деді. З.Қаб. * Балам талпынып кәдімгідей ес болып қалғанда төбеден ұрғандай жайсыз хабар жетті.«Ұлыңыз госпитальда.Тез жетіңіз» деген жедел хатты алысымен әкесі Бақытжанға ұшып кетті. Ү.Жәл. * Төбеден ұрғандай дел-сал күйде қашаға сүйеніп біраз тұрды да шұқанақ – шұқанаққа іркілген қақ – көлшікті жалаңаяқ шапылдатып жүгіре жөнелді. Қ.Ысқ. * Ойласа қиялы жетпес мұндай тағылықты күтпеген Әзиз-Сұлтан төбеден ұрғандай сілейіп тұрып қалған. Т.Сәук.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *