Өктемдік жасап, жанын шығарды. * – Құдай–ай, алдына қойып берген асты дұрыстап іше алмайтын Қойшыбектің жаман ұлы анада әкім болып келіп, төбемізді ойып жібере жаздады емес пе?!. Т.Әл. * Бір кезде соқаның соңында жүрген топас мұжық еді, оны құтыртып апарып әкім қойдыңдар. Қолына киттей билік тиіп еді, жұрттың төбесін ойып жібере жаздады. Т.Ахт. * Көкек төбесін ойсаң да түк түсінбейді, сұратпай-ақ өз атын өзі атауды ғана біледі, – культ личности. Мен бұлбұлды не… жақсы көрем. Ғ.Қаб.
