Posted in

ТӨБЕСІНЕН ЖАЙ ТҮСКЕНДЕЙ БОЛДЫ

Тосын хабар (жағдай) қатты абдыратты; есінен айыра жаздады. ~ Ақсақал абдырады, састы, қысылды, жан терге түсті. Бұл қыз қасиетінен айрылды деп өкініп, қызғанып, жиреніп жүрген үстіне мына хабар төбесінен жай түскендей болды. Ж.Айм. ~ Балаңның ақылы өспей, асты өскенін енді біліп жүрсің бе? Бадаң қалада екінші қатын алыпты, тағы да бір немерең күтіп отыр, ал ендеше! Естиін дегенің осы ма еді, – дегенде, Жамаш әжейдің төбесінен жай түскендей болған. М.Мақ. ~ … күйеуінің көзіне бір де бір рет шөп салып көрмеген, оқытқан балаларына да өмір бойы соны дәріптеп, құлақтарына құйып келген үлгілі ұстаз, мейірімді на, опалы жар а дегенде аяқ астынан төбесінен жай түскендей болды. Ж.Сәм. ~ Е, сен де хабардар екенсің ғой. Осы әңгімені Ұлтараққа жеткізген жөн болады. Ол да қамданып отырсын. Білмей қалса, төбесінен жай түскендей болады ғой байғұс, – деді Өгізбай. Ә.Шәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *