Қырда орналасқан жайлау. ~ Солардың сілтеуімен кеп қалған жайым бар, қызым. Ал, енді… саным салдырап қалды. Сонау төр жайлауға баруға менің шамам келетін емес, әлім құрыды. Б.Ыбыр. ~ Орта жайлаудың мал тұяғымен шаңы шыға бастағасын төр жайлауға қарай көшкен ауыл араға екі қонып межелі қөне қонысқа түс ауа әзер жеткен. Қ.Мүб. ~ Қаби Мұхаммед басқарган бір бөлімше Жағаштай, Қомбасы арқылы өте шығып, Арал деген төр жайлауда отырған Сарсүмбенің қалған халқы мен Буыршын халқы арасына келді. Ж.Шәк.
