Қастерлі орынға шығып алды, жоғары өтті. * Еңгезердей тұлға ебедейсіз қимылдап, есік алдындағы шылапшын, құманды салдыр-гүлдір құлата-мұлата төрге озды. Ж.Нәж * Шал табалдырықтан бергі тай терісі – тулақ үстіне кебісін шешті де, керегеге арқасын таяп тұрған ұлына назар салмастан төрге озды. Ж.Нәж. ~ Әділ оның осы сөзінен-ақ: «Бұл келгендер ауыл арасының жай жүргіншілері емес, Бөлекеңдер болды ғой»,-деп топшылады. Көп ұзамай ауыз үйге сырт киімдерін шешіп, бірінен соң бірі келіп бұған сәлем беріп, қол алысып төрге озған. С.Ьаяз. ~ – Рахмет, шешей! Бір жұтым сусын болса болады, баратын жерім алыс еді,.. – деп жолаушы да төрге озған. Ж.Баш. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген «қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар! Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың ұрпақтарысыңдар. Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Ә.Ізб.
