Дүйім қазақ д.м. ~ – Арғын, Найман, Керей, Уақ төрт арыс бас қосыппыз. Текке қосып отырғамыз жоқ бұ жерде. Оспан мырза, бейіліңе де, сөзіңе де біз ырзамыз! – деп, соңғы сөзді Тойсары түйді. М.Әу. ~ Абайға солар жаңа қуаныш хабарлар жеткізген. Абай сөзі халыққа жағып, кең жайылып кетіпті. Қарқаралы-қоянды жәрмеңкесіне жиналған төрт арыстың бар кәрі-жасы Абай атына қанық бопты. М.Әу. ~ Көз жеткен мен сөз жеткенді болжасаңдар, "исі қазақ" деген осы. Бұл төрт арыстың баласы, Орта жүздің тізіліп келген тобы деңдер! – деп, өз жиындарының жөнін ұғындыр. М.Әу. ~ Осының артынан бір күннен соң Абайға "сәлем береміз" деп бір топ адам келді. Бұлар – Керейдің Бегеші, Уақтың Серкесі, Найман, Сыбанның Қамбары, Қаракесектің Ақпаны, қысқасы, әнеугі "төрт арыс, Орта жүздің тобы" деген қауымына әдейілеп келген кісілер. М.Әу.
