Салт бойынша кеуде түйістіріп, ант беріскен достар. ~ Ата даңқы жаман ұлды он жыл асырар деген рас, ә. Саурық-екем-ай! Астындағы атын түсіп берген боз тарланым! Кешегі жыланда аузыма су тамызған боздағым! Төс қағысқан дос едік!.. Д.Дос. ~ Бекбол екеуі төс қағысқан дос екен… О.Сәрс. ~ Әуелде қажасу қайтадан ұшықты ма деп секем алған Елтай мына кеңкілден кейін Сүкең мен шофер жігіттің әкесі — Сәрсенбінің төс қағысқан дос екенін ұқты. М.Қаб. ~ Ақсақалдар бір мал тауып құрбандыққа шалды да: «Басымызға бас қосылды, алды-артында сүйеніші жоқ Әбиболла жалғыз-сырап жүр еді, енді екеуің төс қағысып дос болыңдар», – деп баталарын берді. Б.Тоғ.
