Posted in

ТӨС ТАБАНЫН САЛА КІРІСТІ (ТАБАНДАДЫ)

Құлшынды, білек сыбана кірісті. ~ Осы Бәденнің өзімен де, шешесі Шекермен де Мәжікен он төрт жасынан бері айналыс қылған еді. Күнікей онысын қайдан білсін? Бәденнің Мәжікенмен әрі ескі тамырлығы бар, әрі «жеңгетайлығын» есептеп (өйткені көйлегі де тозыңқырап жүр ғой), әрі бай баласының буына жығылып, айдынынан қорқып, қалай да Күнікейді көндіріп беруге, бұ жолы төс табанын сала кіріскен еді. Ж.Айм. ~ Ауыл үйдің әжік- күжік, шаң- шұңы болса мен де ауылыңның үстін шаң қылып, ел ағаларын шақыртпас едім, ел мен елдің тату көршілігін ойламасам мен де бұл ісіңе төс табанымды сала бүйтіп кіріспес едім! К.Сег.~Уа, біздің бригадімізде сауатсыз бір жан жоқ! Және көпшілікте шала сауат қана емес, төс табандап білім, мәдениет іздеп келе жатқан сауат… Рас па осыным, біздің жолдастар! – дегенде, бұның бригадісі әр жерден қостай жөнелді… М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *