Posted in

ТӨСЕКТЕН БАСЫН КӨТЕРМЕДІ (АЛМАДЫ)

Науқастанып, жатып қалды. ~ Шыңғыс Құсмұрынға шешесінің қырқын бере аттанатын болды. Сол кезде, оның семьялық өмірінде жаңалық сезіліп қалды: Зейнеп сол кезде қатты ауырды, ол ішкен асын құса беретін, төсектен басын көтермей жатып алатын болды. С.Мұқ. ~ Ойын-той былай қалды. Абылай «аһ» ұрып, төсектен басын көтермей жатып алды. І.Ес. ~ . Жүрегі бұра тартып, қатты сыздап жүре берді. Айнаш бетін баса тағы да жылап жіберді. Сонан аға- жеңгелері келгенше төсектен басын көтерген жоқ. М.Сүн. ~ Үнияның ішкен асы бойына сіңбей, у ішкендей болды. Ол қайғы-қасірет шырмауында жатыр. Төсектен басын алмайды. Басын орамалмен бүркеп алған. Жылаудан екі көзі ісіп кетті. Жүрегі алқымына тығылып, аттай тулайды. Ә. Шәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *