Posted in

ТӨТЕСІНЕН ТАРТТЫ (САЛДЫ)

Ешқайда бұрылмастан, тура жолмен кете берді. * Аудан орталығына тікұшақпен жетіп алды. Арғы жағына такси жалдар, тіпті төтесінен жаяулай тартса да көңілі баяғыдай. Қ.Жиенб. * Сөйтсе, темір жол бір заманда шалқып жатқан тұзды көлдің қазіргі құлазыған тақыртабанын айналып өтеді екен де, төтесінен тартқанда он шақырымдай жол қысқарады екен. Ш.Айт. * Бас салып мылтығын тартып алуға қаймыққан, тартып алғанда қалай атуды білмейтін кемпір еппен тысқа шығып, есікті сыртынан бекітіп, артымнан қуып жүрмесін деп екі атты босатып жіберіпті де заставаға төтесінен тартса керек… Қ.Ысқ. * – Не істейміз, Демежан аға? Мына пәлені айналып өтеміз бе, әлде тікесінен тарта береміз бе? —деді шолақ тіл қатып. – Тура жол тұрғанда, бұрыс жолда нең бар. Төтесінен тарта бер, — деді Демежан. Қ.Жұм. * Жер-көкте көлкіген көлден де жол тауып, төтесінен салып арсы-гүрсі өте шығысатын. Ә.Асқ. * Боранды разъезінен наймандардың ру зираты Ана-Бейітке дейін егер Сарыөзектің даласымен төтесінен салса отыз шақырымдай болып қалады. Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *