Жасыңа жетпей өлгір д.м. қарғыс. ~ — Ой, нағылет жауғыр… Сені оқуға бермей бәлеге берген екенмін. Тумай туа шөккір!.. Құдай – ай, ел алдында масқара болдым – ау. Құдама не бетімді айтам? Жоғал көзіме көрінбей! Н.Сер. ~ Әй, жазушы сымақтар, әдебиетті саудаға салудан басқа кәсіптерің бар ма, Цейлон сапары, Мали сапары, тағы басқа сапарларың жайлы кез келген справочниктен оқуға болатын шатпақтармен әуресіндер. Оны және туынды дейсіңдер-ау, тумай туа шөккірлер!.. Ш.Айт. ~ Алты сан аман тұрғанда, Киелі қырғыз жерімді, Жау табаны басқанша, Асыл қырғыз халқымды, Төбелетіп бөтенге, Құр қарап босқа жатқанша, Тумай туа шөгейін, Тірі жүрмей өлейін! Атқармасам антымды, Ақкелтенің оғы ұрсын, Көк білтенің шоғы ұрсын. Б.Әл: ("Манас").
