Posted in

ТУЫРЛЫҒЫН ТІЛДІ (КЕСКІЛЕДІ, КЕСТІ)

Тас-талқан қылды, шаңырағын ортасына түсірді. ~ Ұлардай кәрі-жасын шулаттырып. Сыйғысып бір тарының қауызына Түндігін‚ туырлығын турап‚ тіліп‚ Жасауыл Күйгенжарды илеп өтті Ұйпалап шаңға көміп‚ құм қаптырып. К.Мырз. ~ "Тыныш жатқан елге тұткиылдан шабуыл жасап, тұнығын лайлап, туырлығын тілу – кұдай алдында кешірілмес күнә" деп ойлаған Тұрлыбек. С.Дос. ~ Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім. Еңсесі биік ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім. Керегесін қиратып, Отын етсем деп едім. Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім. Махамбет. ~ Туғанынан кім безсін, Туырлығын кім кессін!.. И.Сап.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *