Posted in

ТҮБІТ ИЕК

Бозбала, жас жігіт. * Бұл кезде Бейімбеттің өзі әлі түбітиек бала емес пе? Б.Майл. * Дүзейін, Аюын, Қарабасын, Қошқарын, Қалқаманын былай қойғанда, түбіт иек Жәнібектің даңқының өзі-ақ қазір үш арыстың құлағын шулатып бітті. Ә.Кек. * Әлі жас, отыздан асқан, түбіт иек бозбала десе де. Осы таяу арада «Заслуженный артист» деген атаққа да тырнақ іліндірген-ді. Ш.Құм. * Тоқсан үйлі Тоқпайыңнан (қазірде екі жүз елу үйлі бөлімше) менің есімде қалған түбіт иектердің ішінде оқу іздеп аттанғандардың тұңғышы да Айдархан болатын. Қ.Ысқ. * Түбіт иек бала сұлтан қайдағы-жайдағынын бәрін сары майдан қыл суырғандай жүйелеп ойлап келе жатқан сара көңіліне кенеттен киліккен әлгі бір әдемі елеске арбалып мүдіріп қалады. Ә.Кек. * Бұл тартынған, мұрты тебіндеген, түбіт иек бозбала болсайшы, желпініп жетіп баратын. Ш.Құм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *