Posted in

ТҮЗУ (ТУРА, ДҰРЫС) ЖОЛҒА САЛДЫ

Дұрыс жол нұсқап, ақыл қосты. ~ Соңғы кездердегі оның ұғымы бойынша, Абайды түзу жолға салып, қазақтың хан-төресін, жуан ата жақсысын, мұсылмандық шариғат салтын жырлайтын ақын ету керек. М.Әу. ~ «Мүлдем азғындап төртаяқтап кетпей тұрғанда бұл адасқан пақырларды бетінен қайтарып түзу жолға салайын деген ниетпен бір күні Періште оларға уағыз айтады. Т.Сәу. ~ Аруақтардың зарын естіп, періштелер мәслихат құрды. «Иманы шала болса да, жүрегі таза, аңқау жұрт еді, адастырмай тура жолға салайық» деген Бас періште. Бірақ бәрі мәмлеге келе алмады бірден. Т.Сәу. ~ — Бір елдің адамы екінші елге келгенде «бар болғаны жөн-жоба үйретіп, дұрыс жолға салып жүрміз» дегенді қалай шімірікпей айтады. Ондай сөзді қырғыздардың миына құйыңыздар. Ал, маған, «бұл жердің дариядай кең жері, ұшан-теңіз байлығы қызықтырады» деп турасын неге айтпайсыздар. С.Жүн. ~ Дұрыс жолға салса, осы Қоспанбеттің өзінен-ақ біраз нәрсе шығар еді, жұғымды, сөйлер сөзі де бар, тіпті орыстардың өзімен байланысып жүр дейді. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *