Posted in

ТҮЙЕНІҢ ТАБАНЫНДАЙ

Өте үлкен. ~ Осылардың көбі төрт жылда төрт ай оқымай-ақ университеттің түйенің табанындай дипломын қойынға тығады. Т.Қож. ~ — Бұл өзі я әрі, я бері емес, көңілге тимейтін, сырт көзге еленбейтін сүйей салды сырғытпа сөз. Баяғыда су жұқпас сері жігіттің аузынан естіген едім. Ай, өзі де жүрген жұпар кіндік болатын. К.Сег. ~ – Өзін мұқабадан жасапты-ау, ә… Кішігірім кітап сияқты екен. Мына біреу түйенің табанындай жалпиып жатқаны мөрі ме?!-деп таңдайын қағып-қағып қайырып берді. Н.Сер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *