Posted in

ТҮЙЕНІҢ ТАНЫҒАНЫ ЖАПЫРАҚ

Көрген-білгені шамалы, өресі тар адамға қатысты айтылады. ~ Бәйбіше: – ендеше, өзгең өкпелеме! Жолдарың табыла берер… Әзимә тәуір еді, жолы да үлкен еді: беташарды ажар алсын. (Ажар – әлгі сары қатын) Сары қатын: – Е, дұрыс! – Түйенің танығаны – жапырақ, дегендей. – Соның-ақ мүйізі шықсын, – деп күңкілдескендері де болды. Сары қатын: – Ал, жүріңдер! Келінді көрейік! Ж.Айм. ~ Лесхоз бастықты Қарашелек те жақсы білетін. Түйенің танығаны жапырақ деп әншейін ақсақ егерьге жармасқаны болмаса, әкесін соттатқан да сол. Қ.Ысқ. ~ Барар жерім, бас сұғар үңгірім жоқ. Түйенің танығаны – жапырақ, амалсыздан Дөйшенқұл байкеге тарттым. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *