Posted in

ТҮЙІНДІ СӨЗ

Мәнді, мағыналы, шешімді сөз. ~ – Е, ол қиын емес. Іздерміз, табармыз. Қазір, заң тілімен айтқанда, Әбутәліптің ісін қозғау керек. – Міне-міне. Ең түйінді сөзді бірден таптыңыз. Менің сізге келгенім де осы ғой. Ш.Айт. ~ Ақсақал осы бір түйінді сөзіндерін нық-нық шегелеп айтқандай болды. Бұл абыздың ертеңгі ұрпаққа берген өсиеті мен бұйрығы секілді көрінді маған. Қ.Бегм. ~ Мақсұт ойындағы жалғыз ғана түйінді сөзін сол жолы Қамарға ірікпей ашып: – Сені ойлаумен сабырым бітіп, өлер болдым! – дегенде, сондай шетін ынтызарлықты айта алмай буылып тұрған Қамар да, өз білдірерін осы жол жасырмаған. Ж.Ахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *