Арбаушы азғырды; бір пәлеге итермеледі. * Сумаң соқпақ енді оны қайтадан сарайға бастады. Манағы маужырап тұрған тып-тыныш дүниені әлдебір түлен түрткендей. Ә.Кек. * Әлде өзін түлен түртіп, әдейі қиыс тарта ма? О.Сәрс. * Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды. Ә.Кек. * – Кек қуып келгем жоқ, тегі. – Онда қай түлен түртті? – Қатынымды қайтарып беріңіз. Батырдың аузы аңқайды. Н. Дәут. * «Сиыр да, түйе де сауылмай желіндері сыздап тұр- ау! » — деп ойлады ол аптығып. Түлен түртті ме, қайдам әйтеуір жанығып кетті. М.Сүн.
