Ит тұмсығы батпайтын қалың жыныс, ну орман; меңіреу жатқан есіз дала. ~ Түлкі жортпас түлейден Түнде кетіп барады. Жапалақ ұшпас жапаннан Жалғыз кетіп барады. Ит татпаған ащы көл, Онан да татып барады. "Мұң.-Зар." ~ Жетінші тауға жанасып, Қарсақ жортпас қалыңнан Қарғып өтіп барады. Түлкі жортпас түлейден Түнде кетіп барады. Жапалақ ұшпас жапаннан Жалғыз кетіп барады. "Мұңлық – Зарлық". ~ Қарсақ жортпас қалыңнан Қарғып өтіп барады. Түлкі жортпас түлейден Төтелеп өтіп барады. Құлақтың [түбі] терледі, Терлеген сайын өрледі. "Мұңлық – Зарлық".
