Түні бойы көз ілмеді, түн баласына кірпік қақпады; көз шырымын алмады; көрер таңды көзімен атырды. ~ – Мен Абайға кінә қойдым. Ыза болғанымнан қыз көзінше ұрсып та тастадым. Келін, сенің есеңді жібергем жоқ. Е-е ұрыспай тұрайын ба? Ит ұяласынан қорықпайды, мен айтпай, кім айтады оған! "Елде қатын-бала сені уайымдап, түн ұйқысын төрт бөліп, құдайына ақсарбасын айтады. Ішкен асы зәр болып.отырғаны анау. Сен болсаң, Әлдеке қызының қойнында шалжиып жатқаның мынау!" дедім. Ашуым кеп кетті! – деген. М.Әу. ~ – Біз, әдетте, планетамызды Жер-ана деп қастерлейміз. Жер бетіндегі тіршілік атаулы Анадан басталады. Барлық жан-жәндік – адамзаттан бастап, қыбырлаған құмырсқаға дейін шеше алдында мәңгілік қарыздар. Түн ұйқысын төрт бөліп, емшек сүтін берген Ана, баламның табанына кірген шөгір маңдайыма қадалсын дейтін Ана.. М.Қаб. ~ Қате жасағанымды дер кезінде түсінемін – басқалардан айырмашылығым осы. Бар, бар, қоштасып кел. Олар сені түн ұйқысын төрт бөліп тосып отыр. М.Қаб. ~ …әне, көзі ашық көпшіліктің қарсылығына ұшырап, президент, иә, Нұрсұлтан Назарбаев мырза «түн ұйқысын төрт бөліп», «мараторий!» деп сөйлеп кетті. Е, кімге мараторий, кімге санаторий боларын кім білсін! Ғ.Қаб.
