Posted in

ТҮП ЕТЕКТЕН (ЕТЕГІНЕН) АЛДЫ

Жармаса кетті, кенедей жабысты. ~ Сіз ғой… той жасауға ауызекі ұлықсат бердіңіз… – деп Әлжанов бірден түп етектен алды. – Яғни, Әлиевке іштей тілеулес екеніңізді жасыра алмайсыз. Б.Тоғ. ~ Жігіттің кісі өлтіргенінен, жасауыл айдап бара жатқанынан құлақтанған саудагер келе оны түп етектен алады, бақырып төңіректі азан-қазан қылады. Б.Қыд. ~ «Қызымды құлақ естімеген қиырға алып бара жатырсың. Кәрі қойдың жасындай жасым қалды. Көзімнің тірісінде қызымды қайтып әкеп көрсетесің бе, әлде осы бастан күдерімді үзіп бақұлдасып қалайын ба?» деп бұлтартпай тура түп етектен алғаны. Т.Ах. ~ Дүниедегі пенде біткеннің бәрі сол болашаққа жармасып, бәрі бірдей соның түп етегінен алып келе жатқан жоқ па. Ғ.Сл. ~ Талай безер қашағанды мұнан алысырақ жерден бір сілтегенде құтқармаушы едім. Оған қазір амал жоқ. Қуып жетіп, түп етегінен алмасаң басқа шара не? Ақыры қоймай жүріп, бастырмалатып жетіп те қалып едім, айлакер қыз тағы бір қыр көрсетті. Ж.Сәм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *