Posted in

ТҮРЕН САЛДЫ

Жаңа іске кірісті; әлдебір жаңалықтың бастауы болды. ~ Фольклордың қызметі атам заманда орныққан халық санасындағы таным мен образдарды қадағалау, ұрпаққа ұластыру, бұлжытпай орындату болғандықтан ол бір ғана қайталау (ескіні дәріптеу) әдісін қолданады, ал әдебиеттің міндеті жаңа қаһармандар мен бейнелерді жасау болғандықтан ол даралау, оқшаулау (тыңға түрен салу) тәсілдерін кәдеге жаратады. Т.Жұрт. ~ … ізденіс үстіндегі бір топ жас ақын сол бір соны соқпақтарға түрен салғысы келетіндігімен қуантады. Ж.Шәк. ~ Таңқурайдың тамсанып дәмін татып Тораңғыдай тарбайып қалтырады. Тобылғының түбіне түрен салып Темір заман тамырды қайшылады. Б.Әл. ~ Әр бір шығарма жазған сайын тыңға түрен салып, оқшау болмыс– бітімімен оқырманды қайран қалдырып, көркемдік көкжиегін кеңіте түсетін көрнекті жазушы М.Мағауиннің «Шақан– Шері» романы сырттай қарағанда фольклордан ұзақ тұрған сияқты. Т.Жұрт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *