Көңілі жайланып, мейірленді; Жылы шыраймен қарады; күлімсіреді ~ "Бұқа" үй иесінің әңгімесін тарс ұмытып қызға қадалды. Түсі жылыды. Кеудесіне жан кірді. "Бұқа" көп ұзамай ыржалақтап күле бастады. Қозбағардың жүрегі орнына түсті. С.Ел. ~ Тұтан босағада тұрып, артына бұрылып қарады. Арай оған басын изеді. Түсі жылыды. Тұтан қайтып орнына келді. Арайдың арқасынан қақты. Арай оның қолын сүйді. Ш.Мұрт. * Манағыдай емес, түсімді жылытып, орындық ұсындым. Отырдық. Ж.Айм. * Дегенмен, сізге қажет болып тұрса айтуға болады. Ол кісі кабинетінде,- деп түсін жылытты. Т.Әбд. ~ ~ Күнбала ойлы: бір есептен Оспан мен Қанипаның пікірі теріс емес сияқты. Өсер жастарға өшер кәрінің қырсығы тимесін. Айналып келгенде Сәтмағамбетті дәрігерге көрсетіп, емдетсе ешкім де құдайға күнәкар бола қоймас. Күнбала енді түсін жылытып, ымыраға келді. С.Ом.
