Ептеп танығандай, жүзі есіне түскендей болды. * – Түсін шырамытып отырсаң, есімі Меруерт. Төркіні Сайқын жағында, –деп Әріп кіржің етті. Т.Әлімқ. * Келсе, айтқандай елдің адамдары екен. Түсін шырамытқандай Түгелмен шұрқырасып, іш тарта амандасты. Ү.Жәл. * Демежан оның өңін шырамытқандай болып, «осыны қайдан көрдім» деп ойланып қалып еді. Қ.Жұмад. * Қараш өзінің жөн – жапсарын айта бастағанда, шал: – Бәсе, өзім де түсіңді шырамытып ем. Әкеңе ұқсапсың. Даусың да айнымайды,- деді. Т.Әл.
