Қабағын түйді, ашу шақырды. ~ Бойында буырқанған сөзбен қатар, жылпыңдықпен астасқан күш те мол. Ол – туа біткен палуан. Оның нөкерлерінің жырқылдап, шектен шығып бара жатқанын байқаған Самат: – Жә, болды! Тіл жағыңа сүйеніп, тағы біреуді арандатуға келдің бе, әлде ойынға кірісейік пе? – деді түсін бұзып… З.Төл. ~ Өзге қыздардың бұрымдарынан тартып немесе әппақ формаларына сия шашып жылату болса – Майраға ешқайсысының жүрегі дауалап, ондай сотқарлыққа бара алмайтын. Майра едіреңдеп келе жатқан жаман ұлға сәл түсін бұзып, бір қараса болды, әлгінің жыны аяқ-асты тарап кететінді. З.Төл.
