Posted in

ТҮТІНІН ТҮТЕТТІ

Шаңырағын құлатпады, отын өшірмеді ~ Ол – тұяғын жалғап, орнын басар, түтінін түтетіп, шаңырағына ие болар бір перзентінің жоқтығы еді. А.Сей. ~ Сондықтан тірі қалғанымызға тәубә дейік. Бәрінен де Тілеулі ақсақалдың түтінін түтететін Сәменнің аман қалғанына мың шүкір деп отырмын. Б.Нұрж. Бір үйдің бар шаруасын атқарды. ~ Осы әулеттің табалдырығынан аттап, түтінін түтеткеніне бірнеше жылдардың жүзі өтіпті. О.Көш. * Әне, сол кезде сан жылдар бойы отын өшірмей, түтінін түтетіп отырған шүйкедей кемпір табалдырық алдында таяғына сүйеніп қарсы алушы еді ұлын. М.Қаб. ~ Иә, кеше түстен кейін жеңешем алыстағы малды ауылдан артынып-тартынып келе қалмасы бар ма. Үлкен ағаның отын жағып, түтінін түтетіп отырған ақылды жеңешем ғой баяғысында. М,Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *